«Стройконструкция» АҚ тексеру нәтижелері

«Стройконструкция» АҚ тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 13-29 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Стройконструкция» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 72 объекті тексерілді (бу қазандары, бу құбырлары, стационарлық компрессорлық станциялар, ауа жинағыштар, жүк көтергіш механизмдер, баллондарды сақтау қоймалары, ғимараттар мен құрылыстар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 35 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша Департамент басшысының төрағалығымен кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары түсіндірілді.