Азаматтық қорғау ардагерін құттықтау

Азаматтық қорғау ардагерін құттықтау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.К. Мақажанов алдағы мерекелермен, Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен, азаматтық қорғау ардагері Владимир Михайлович Лужновты құттықтады.

Владимир Михайлович Суда құтқару қызметінде жұмыс істеген уақытынан бастап, құтқару қызметі үшін жер бөлумен қалай айналысқаны туралы әңгімелерімен бөлісті.

Владимир Михайлович Лужнов 1937 жылы 5 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа станциясында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1955 жылы Қазжолжоба институтында бастаған.

Ауыл шаруашылық институтын (Целиноград қаласы) және Целиноград құрылыс институтын бітірген.

2007-2015 жылдары – станция бастығы, Суда құтқару қызметі бастығының орынбасары. Азаматтық қорғау ардагері.