
1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қарулы күштері құрылды.
Отан қорғаушылар күні – біз дәстүрлі түрде Қарулы Күштердің ардагерлеріне және елдің егемендігі мен ұлттық мүдделерін қорғайтын барлық әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз. Бұл – ар-намысты, батылдық пен бекзаттықты бейнелейтін мереке.
«Бұл мерекеде Сіздерге сәттілік, игі бастамаларыңызға табыс, отбасыларыңызға амандық, еліміздің өркендеуі үшін бақыт және бейбіт өмір тілеймін» – деген тілекпен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ұжымын Нығмеджан Қойшыбайұлы Мақажанов құттықтады.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері марапатталды.
«Төтенше жағдайлардың алдың алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, Спаев Бек Кенжебаевич марапатталды;
«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы, Картаев Бауыржан Әбдіғаппарұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен:
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті басқармасының басшысы, Қисықов Ерболат Ақанұлы;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы, Урмұханов Елдос Сайынұлы;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы, Тұяқбаев Медет Оразбайұлы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хаттарымен:
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы, Егеубаев Қанат Жанжігітұлы;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы, Исатаев Жалғас Ғаділзияұлы;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, Жұмажанов Бекқазы Тұрсынұлы;
- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы, Байдүйсенов Еркебұлан Тәңірбергенұлы марапатталды.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында мемлекеттік қызметке жаңадан кірген азаматтармен ант беру рәсімі өтті.