
2022 жылғы 4 мамырда Алматы қаласы, Ангарская көшесі, 97 А мекенжайында орналасқан «Байт» Өнеркәсіптік-коммерциялық компаниясы ЖШС аумағында оқыс оқиға орын алды.
Оқыс оқиға орнына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары барды.
Алдын ала деректер бойынша, пеш отыны (дизель отыны) тиелген темір жол цистернасын босату бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде, пеш отыны тиеліп жатқан автомобиль цистернасы жанған.
Оқыс оқиға салдарынан автокөлік цистернасы жанып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта «Байт» ӨКК ЖШС-де оқыс оқиғаны тергеу үшін ішкі комиссия құрылуда. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады