«Промбаза-7» ЖШС тексеру нәтижелері

«Промбаза-7» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 11-18 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Промбаза-7» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі сұйытылған мұнай газын АГҚС желісі арқылы сақтау және өткізу болып табылады.

Тексеру барысында 24 нысан тексерілді (автомобильге газ құю станциялары, компрессорлық станция, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 7 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша компания басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың» талаптары түсіндірілді.