Нұр-сұлтан қаласында автокөлік кранының операторы қауіпсіздік техникасын бұзды

Нұр-сұлтан қаласында автокөлік кранының операторы қауіпсіздік техникасын бұзды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында орналасқан, «Bazis Construction» ЖШС бас мердігер болып табылатын, «Ішіне салынған, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайлары, паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешені» құрылыс объектісінде автомобиль кранының өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын бұзуы туралы бейнеролик анықталды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары оқиға орнына шыққаннан кейін, жұмыс жүргізу кезінде автомобиль кранының операторы (XZJ5281JQZ50K) қауіпсіздік техникасын бұзып, объектінің қызыл сызығының аумағынан тыс жүкті тасымалдағаны анықталды.

Мемлекеттік инспекторлармен автомобиль кранының меншік иесі, «Бас техника» ЖК иесімен түсіндірме әңгіме жүргізді және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі қағидаларды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түріндегі әкімшілік жаза салынды.