
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 15 наурыз бен 01 сәуір аралығында, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ЮКОС-Ақтау» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы аумағында орналасқан прекурсорлар айналымы болып табылады.
Тексеру барысында 2 объекті тексерілді (прекурсорларды сақтау қоймасы және теміржол эстакадасы), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 4 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.