«Жанажол ГТЭС» ЖШС тексеру нәтижелері

«Жанажол ГТЭС» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап 16 наурызға дейін 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Жанажол ГТЭС» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі электр энергиясын өндіру.

Тексеру барысында 12 объекті тексерілді (технологиялық құбырлар; қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар; қазандар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.