
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 11 наурыз бен 04 сәуір аралығында, 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі көмірсутек шикізатын өндіру болып табылады.
Тексеру барысында Южное Қаратөбе, Лактыбай кен орындарындағы және «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясының резервуарлық паркіндегі 45 объекті тексерілді (мұнай дайындау қондырғысы, мұнай сақтауға арналған резервуарлық парк, технологиялық құбырлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары, ұңғымалар). Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 20 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.