Нұр-Сұлтан қаласындағы автомобиль кранымен болған оқиға бойынша ақпарат

Нұр-Сұлтан қаласындағы автомобиль кранымен болған оқиға бойынша ақпарат

2022 жылғы 28 сәуірде сағат 14:20 шамасында Нұр-Сұлтан қаласында, «Көркем Тауэр» ТК құрылыс объектісінде, паркинг құрылысы (4 блок), «Intex contract» ЖШС бас мердігері QY25 автомобиль кранының (25 тонна) көмегімен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында оқыс оқиға орын алды.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, құрылыс материалдарын жұмыс аймағына берген кезде артқы тіректер жерге түсіп кеткен, нәтижесінде автомобиль кранының тұрақтылығы бұзылған, жүк алға шыққан. Автокранның жебесі 6 қабатта орналасқан пәтердің терезесін тесіп өтті. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта «Intex contract» ЖШС-да оқыс оқиғаны тергеу үшін ішкі комиссия құрылуда. Тергеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.