
Комиссия 2022 жылғы 18 ақпанда Нұр-сұлтан қаласының Есіл ауданында орналасқан «COSMIC CITY» ТК құрылыс объектісінде болған өліммен аяқталған жазатайым оқиғаны арнайы тергеуді аяқтады.
Комиссияны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкері басқарды, оның құрамына түрлі мүдделі тараптардың өкілдері кірді.
Комиссия инженерлік-техникалық қызметкерлер, кранмен жұмысты қауіпсіз жүргізуге жауапты тұлғалар жүктің салмағын анықтамағандығы, сондай-ақ краншы мен жүк көтерушілерге алдағы жұмысты қауіпсіз орындау бойынша нұсқаулық өткізбегендігін анықтады. Осылайша, Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының 87-тармағының және Қағиданың 434-тармағының талаптары өрескел бұзылған, белгісіз массаның орын ауыстыруы жүктің нақты массасы анықталғаннан кейін жүзеге асырылды.
Нәтижесінде мұнара кранының машинисі кранның жүк көтергіштігі шамадан тыс жүктелген жүкті көтеріп жылжытқан, осы кран жебесінің шығуында 3,3 есе артық болған.
Тергеу барысында Комиссия мүшелері жәбірленушінің туыстарымен кездесті, оларға моральдық және материалдық залал төлемі жүргізілді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғауға заңды құқықтары түсіндірілді.
Қазіргі уақытта материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Нұр-сұлтан қаласының полиция департаментіне жолданды.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті