
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 06-26 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «АрселорМиттал Теміртау»АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Шахтада тас көмірді жер астында өндіру жүзеге асырылады.
Тексеру барысында 206 объект тексерілді (тау-кен қазбалары, таспалы конвейерлер, "Феррит" дизель-гидравликалық локомотивтері, электр жабдықтарын пайдалану, жүк көтергіш крандар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 434 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Қауіпті өндірістік объектілерді тоқтата тұру үшін сотқа талап арыз берілді: конвейерлік қуақаз, монтаждау камерасы және лаваның тазалау кенжары.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.