«Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС тексеру нәтижелері

«Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 04-22 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС-ның өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі ашық түсті мұнай өнімдерін көтерме-бөлшек сату болып табылады.

Тексеру барысында мұнай өнімдерін сақтау резервуарлары, сорғы станциялары, мұнай өнімдерін айдауға арналған сорғылар, мұнай өнімдерін құюға арналған темір жол және автомобиль эстакадасы тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар» түсіндірілді.