«Шығыстүстіметгазтазарту» Тресті» ЖШС тексеру нәтижелері

«Шығыстүстіметгазтазарту» Тресті» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 04-21 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Шығыстүстіметгазтазарту» Тресті» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді..

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі: стандартты емес шаң-газ тұтқыш жабдықтарды, өнеркәсіптік мақсаттағы газ құбырлары мен ауа өткізгіштерді дайындау болып табылады.

Тексеру барысында: ілме краны, автомобиль краны, кран-арқалықтар, электр тельферлер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 7 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптыры, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.