
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша берілген 07.10.2021 жылғы №137 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында 2022 жылғы 11-21 сәуір кезеңінде «Семей цемент зауыты» Өндірістік компаниясы» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндіру.
Тексеру нәтижесі бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» және «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.