
Азаматтық қорғау органдарында ағымдағы жылға арналған идеологиялық жұмыс жоспарын орындау шеңберінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері астаналық гарнизонының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларының мұражайына барды.
Мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалыптасу тарихымен таныстырып, өрт сөндірушілердің құрал-жабдықтары мен құралдарын көрнекі түрде көрсетті, үлкен жауапкершілік пен бекзаттық сезімін талап ететін мамандықтың ерекшеліктері туралы айтып өтті.
Ерлік бөлмесінде Комитет қызметкерлері қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мұражай Омаров көшесі, 91 үй, № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде орналасқан.