«Бұрғылау» ЖШС тексеру нәтижелері

«Бұрғылау» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 15 наурыз бен 5 сәуір аралығында 2022 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Бұрғылау» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі бұрғылау жұмыстарын жүргізу және мұнай-газ саласында қызмет көрсету (пайдалану мұнай және газ ұңғымаларын салу, ұңғымаларды күрделі жөндеу және ұңғымаларды игеру, ұңғымаларды физикалық жою, көлік қызметтері) болып табылады.

Тексеру барысында 25 объекті тексерілді (бұрғылау қондырғылары, ұңғымаларды жөндеуге және игеруге арналған қондырғылар, өндірістік қамтамасыз ету базасы және т.б.), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 57 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторларымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабының 1-бөлігі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрып, айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды, ғимараттар мен құрылыстарды тоқтата тұру үшін сотқа талап арыз жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.