«Өмірзақ-Сервис» ЖШС тексеру нәтижелері

«Өмірзақ-Сервис» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 1-25 наурыз аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Өмірзақ – Сервис» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компания қызметінің негізгі түрі құрылыс-монтаж жұмыстары және қауіпті жүктерді тасымалдау болып табылады. 1999 жылы негізі қаланған сәттен бастап компания негізгі қызметін Теңіз кен орындарында жүзеге асырады. Компанияда 300 бірліктен астам көлік құралдары мен түрлі арнайы техникалардан тұратын техника паркі бар. Қазіргі уақытта қызметкерлердің жалпы саны 1500-ден астам адамды құрайды.

Тексеру барысында 7 объекті тексерілді (жүк көтергіш механизмдер, газ шаруашылығы және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілері), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабының 4-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша компания басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды» түсіндірілді.