«Семізбай-U» ЖШС тексеру нәтижелері

«Семізбай-U» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 28-30 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Семізбай-U» ЖШС «Иркөл» филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі уран мен оның қосындыларын өндіру және қайта өңдеу, құрамында уран бар кендерден өнім өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 127 объект тексерілді (технологиялық ұңғымалар, күкірт қышқылы қоймасы, қазандар, магистральдық құбырлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, өнімді ерітінділерді қайта өңдеу цехы, компрессорлар, аммиак селитрасы қоймасы, аммиак суы қоймасы, химиялық зертхана, сүзу торабы, төмен радиоактивті қалдықтарды уақытша сақтау алаңы), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 56 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.