
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 17 наурыз бен 7 сәуір аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі темір жол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі болып табылады.
Тексеру барысында 43 объект тексерілді (көпір крандары, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және т.б.), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 24 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Тексеру қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Департамент басшысы К.А. Қыздарбеков «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ вице-президенті В. И. Перминовпен кеңес өткізді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.