
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 04-08 сәуір аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Варваринское» АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрі бағалы металдар мен сирек металдар кендерін өндіру, мыс кенін өндіру және байыту, асыл (бағалы) металдар өндіру болып табылады.
Тексеру барысында 27 объект (тау-кен көлік жабдығы, жүк көтергіш крандар, қысыммен жұмыс істейтін жабдық, қалдық қоймасы, қатты әсер ететін улы заттар қоймасы, фабрика жабдығы) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 36 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.