«СТС – 1» ЖШС тексеру қорытындылары

«СТС – 1» ЖШС тексеру қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 05-11 сәуір аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «СТС-1» ЖШС («Батыр» шахтасының учаскесі, «Батыр» ашық тау-кен жұмыстары учаскесі) қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өтелген №18 «Основная», №18 бис, №31 бис, №№1,2 шахталар (бұрынғы «Северная» шахтасы алаңының бөлігінде) алаңдарында көмірдің баланстан тыс қорларын өндіру болып табылады. 2015 жылы «Батыр» шахтасында орын алған эндогендік өртке байланысты көмір өндіру жұмыстары жүргізілмейді.

Тексеру барысында 29 объект («Батыр» ш. учаскесінің К12 қабатының көлбеу вентиляциялық шахтасы, жер асты және тау-кен учаскелері, тау жыныстарының үйіндісі, жолдардың жағдайы, экскаваторлардың, тиегіштердің, бульдозерлердің, самосвалдардың жағдайы) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 58 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.