
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы К.А. Кыздарбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің өкілі А.Е. Кенебаеваның қатысуымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
А.Е. Кенебаева Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қабылданған тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау қажеттілігін, сондай-ақ қоғамда «сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру және профилактикалық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Семинар-кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты бейнероликтер көрсетілді.
Кеңес қорытындысы бойынша:
- Өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқына бола қоғам тарапынан сынға себеп бермеу;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау;
- заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеу;
- азаматтар мен әріптестерге қатысты дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу ұсынылды.