
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген 01.10.2021 жылғы № 134 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында, 2022 жылғы 04-15 сәуір аралығында «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі электр энергиясын беру және ШҚО электр желілеріне қызмет көрсету болып табылады.
Тексеру барысында жүк көтергіш механизмдер, автомобиль крандары мен көтергіштер тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғаны анықталды.
Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.