
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Рудныйсоколовстрой» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Компанияның негізгі қызмет түрі ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта құру, жаңғырту және салу болып табылады.
Тексеру барысында 19 объекті (мұнара және автомобиль крандары) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 5 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұстаным берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.