«Pioneer-Luxs» ЖШС тексеру нәтижелері

«Pioneer-Luxs» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 15-18 наурыз аралығында, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Pioneer-Luxs» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Компанияның негізгі қызмет түрі ұн мен астық қалдықтарын сақтау, маштаптау және сату болып табылады.

Тексеру барысында 11 объекті (ұн мен астық қалдықтарын сақтауға арналған қойма, диірмен, компрессорлық қондырғы, қазандар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұстаным берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Компрессорлық станциялардың пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.