
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 01-25 наурыз аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес «Жігермұнайсервис» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі: мұнай-газ саласына арналған жабдықтарды өндірумен және мұнай жабдықтарын жөндеу-қалпына келтіру сервисімен байланысты кең бейінді қызметтерді ұсыну болып табылады.
Тексеру барысында 30 объект (жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар және газ шаруашылығы) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және 298-баптың 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабы 4-тармақ бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы түсіндірілді.