
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 01-25 наурыз аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес «Атыраумұнаймаш» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан тексеру жүргізді.
Тексеру барысында 15 объект (жүк көтергіш механизмдер, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс және қазандық контейнер) тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 35 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және 298-баптың 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 306-бабы 4-тармақ бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптары» түсіндірілді.