
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 23 ақпан мен 11 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Электросервис» ЖШС қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасы бойынша электр энергиясымен және телекоммуникациямен қамтамасыз ету үшін тарату объектілерін салу болып табылады.
Тексеру барысында өздігінен жүретін және көпір түріндегі жебелі крандар тексерілді, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 5 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Қауіпсіздік аспаптары мен құрылғыларының ақаулығына байланысты өздігінен жүретін екі жебелі кранды тоқтата тұру жүргізілді. Талап арыз сотқа жолданды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.