Қостанай облысында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

Қостанай облысында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

«Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) тау-кен өндіру кешенінің Сарыбай карьерінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті өкілінің, Рудный «КӘАҚҚ РОШ» құтқарушыларының және карьердің инженерлік-техникалық қызметкерлерінің қатысуымен оқу дабылы өткізілді.

Оқу дабылының негізгі мақсаты объектінің дайындығын бағалау және тексеру, персоналдың авариялық жағдайлар кезінде өз іс-қимылдарын білуі, өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуі, алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ авария орнына медицина қызметкерлерінің, авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтердің жауынгерлік есептоптарының жауынгерлік қабілеттілігін және уақтылы келуін тексеру болып табылады.

Әзірленген оқу дабылын өткізудің Жедел жоспарына сәйкес 10 сағат 02 минутта тау – кен диспетчеріне карьердің тау-кен шеберінен № 137 ЭКГ-10 экскаватор шанағындағы күштік трансформатордың жануы туралы ақпарат келіп түсті. Тау-кен диспетчері бұл туралы Тау-кен өндіру кешенінің басшылығына және Рудный «КӘАҚҚ РОШ» құтқарушыларына, Сарыбай карьерінің өртке қарсы қызметінің жауынгерлік есебіне, медпункт фельдшеріне дереу хабарлады.

Қауіпті аймақтан адамдар шығарылды, қоршау қойылды, экскаватор электр кабелін ажырату арқылы қуатсыздандырылды.

10 сағат 18 минутта жедел жәрдем келді, фельдшер шартты түрде зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

10 сағат 24 минутта өрт сөндіру машинасы келіп, өрт ошағын сөндіруге кірісті.

10 сағат 31 минутта КӘАҚҚ жауынгерлік есебі келді.

10 сағат 36 минутта өртті оқшауландырып, көміртегі оксиді мен азот оксидінің құрамына экспресс әдіспен ауа сынамалары өлшенді, өлшеулер шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) нормаларынан аспағанын көрсетті.

Қатысушылардың барлық іс-әрекеттері аварияларды жою жоспарына сәйкес келді, алайда Департаменттің мемлекеттік инспекторы өртке қарсы қызмет келгенге дейін экскаватордағы бар құралдармен өртті сөндірумен айналыспаған бригаданың әрекетсіздігіне қатысты ескерту жасады.

Департаменттің мемлекеттік инспекторы жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол бермеу бойынша ұсыныстар берді.