«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС тексеру нәтижелері

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілінің қатысуымен 2022 жылғы 04-11 сәуір аралығында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау тұрғысынан «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мыс кенін өндіру және байыту, катодты мыс өндіру болып табылады.

Тексеру барысында 7 қауіпті өндірістік объектілерге (мыс-молибден кендерін өндіру карьері; тотыққан кендерді қайта өңдеу кешені (оксидті зауыт), №№1, 2 сульфидті байыту фабрикалары; қалдық қоймасы; зерттеу зертханасы) тексеру жүргізілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау; №2 сульфидті фабриканы пайдалануға беру кезінде, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруды жүргізу, қауіпті заттардың болуы, қолданылуы, сондай-ақ саны бойынша толық және дұрыс мәліметтерді өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясында ұстау; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою; өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау жөніндегі ұсынымдарды уақтылы орындау; техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану және басқалар бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 43 бұзушылығы анықталды.

Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 299-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы түсіндірілді.