«Шығыстүстіметалл» ЖШС тексеру нәтижелері

«Шығыстүстіметалл» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 9 наурыз бен 1 сәуір аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Шығыстүстіметалл» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу болып табылады.

Тексеру барысында Ертіс шахтасы (технологиялық процеске қатысатын қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар және жүк көтергіш механизмдер, тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жобалық құжаттама (бұрғылау-жару жұмыстарының паспортын қолданыстағы өндіруге арналған жергілікті жобалар), шахтада жүргізілетін және объектіде өнеркәсіптік қауіпсіздікті жүзеге асыруды регламенттейтін негізгі технологиялық операцияларға арналған нормативтік-техникалық құжаттама) тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 39 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.