«Фаворит» ЖШС тексеру нәтижелері

«Фаворит» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 9-29 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Фаворит» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: ағаш дайындау және қайта өңдеу, шпон және фанер өндірісі. Жеткізілімдер Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүзеге асырылады.

Тексеру барысында: мұнаралы кран, тіреуіш кран, электр тельферлері, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, бу және май қазандықтары тексерілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 16 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

ҚХР елігде өндірілген жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағышпен жұмыс істейтін қазанды тоқтата тұру үшін сотқа талап арызы жолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.