«Орика-Қазақстан» АҚ жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Орика-Қазақстан» АҚ жоспардан тыс тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген 13.09.2021 жылғы № 124 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында, 2022 жылғы 25-31 наурыз аралығында «Орика-Қазақстан» АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жарылғыш заттар мен жару құралдарын өндіру, сондай-ақ бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Тексеру барысында жарылғыш заттар мен жару құралдарын өндіретін зауыт тексерілді. Тексеру барысында бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.