
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген 16.08 2021 жылғы № 112 анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында, 2022 жылғы 25-31 наурыз аралығында «Сатпаев тау-кен байыту кәсіпорны» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі: тау-кен жұмыстарын жүргізу, қатты пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар, минералдық шикізатты қайта өңдеу, жанғыш заттарды сақтау, қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану болып табылады. Объектілер: карьер, ашық әдіспен қазылатын кеніш, ұсақтау-сұрыптау учаскесі, қатты пайдалы қазбаларды байыту фабрикасы, мұнай өнімдерін сақтау қоймасы, резервуарлар, автожанармай құю станциясы.
Тексеру барысында бұрын анықталған бұзушылықтар толық көлемде жойылғандығы анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын», «Қауіпті өндірістік объектілердің қалдықты және шөгінді шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» және «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақталуына қатысты мәселелер қаралды және түсіндірілді.