Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларындағы жаңа өзгерістер

Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларындағы жаңа өзгерістер

2022 жылғы 5 сәуірде әділет органдарында «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 89 бұйрығы мемлекеттік тіркеуден өтті.

Бұйрықпен Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын қабылданған Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларымен (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 286 бұйрығымен бекітілген), Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарымен (ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 359 бұйрығымен бекітілген) сәйкес келтіру көзделген.

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде бұйрық электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.