
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 28 ақпан мен 18 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Казинтерэтнос» Көпсалалы шаруашылық бірлестігі» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі «Қазмырыш» ЖШС және «Шығыстүстімет» ЖШС объектілерінде бұрғылау-жару жұмыстарын пайдалана отырып күрделі құрылыс жүргізу болып табылады.
Тексеру барысында 4 кеніш тексерілді (Риддер-Сокольный кеніші, Долинный кеніші, Малеев кеніші, Артемьев шахтасы), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының іү бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.