
2022 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.О.Тлеубаевтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында департамент инспекторларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мәселелері қаралып, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа талаптар айтылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Отырыс қорытындысы бойынша:
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын мүлтіксіз орындауға;
- заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылық және басқа да құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге;
- азаматтарға және әріптестеріне дұрыс емес мінез-құлыққа, дөрекілікке жол бермеу бойынша ұсыныс жасалды.