Нұр-сұлтан қаласында мұнара крандарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау бойынша жұмыс тобының шығу нәтижелері талқыланды

Нұр-сұлтан қаласында мұнара крандарымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы нормаларын сақтау бойынша жұмыс тобының шығу нәтижелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы - Қыздарбеков Канат Айтпаевич Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н. Ж. Нуркеновтың төрағалығымен өткен, Әлеуметтік әріптестік, жалақы берешегі және өндірістік жарақат бойынша әлеуметтік және еңбек реттеу, сондай-ақ мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі талаптарды сақтау мәселелері бойынша қалалық комиссиясына қатысып, елорда аумағындағы мұнаралы крандармен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақталуын бақылау жөніндегі жұмыс тобының атқарған жұмыстары туралы есеп берді.