«Сазанқұрақ» ЖШС тексеру нәтижелері

«Сазанқұрақ» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 01-25 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Сазанқұрақ» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын Атырау облысының Исатай ауданындағы Сазанқұрақ мұнай кен орнында өндірілген мұнайды дайындау, сақтау, тасымалдау, маркетинг және өткізуді қамтамасыз етеді, көмірсутек шикізатын барлау және өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асырады.

Тексеру барысында 29 объект тексерілді (ұңғымалар қоры, мұнай дайындау пункті, мұнай жинау пункті, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы, сорғы станциясы, төгу-құю терминалы, резервуарлық парк, құбырлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 9 бұзылуы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша 5 жеке тұлғаға айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.