
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 10-29 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Казпромгеофизика» АҚ ұңғымаларын геофизикалық зерттеудің Оңтүстік Қазақстан филиалының қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Ұйым қызметінің негізгі түрі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарға ұңғымаларды геофизикалық зерттеу бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Тексеру барысында 6 нысан тексерілді (ЖМ уақытша-шығыс қоймасы, иондаушы сәулелендіру көздерін сақтау орны, өтеру-каротаж станциялары және перфораторлық станциялар зертханасы), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 2 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспектормен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.