2022 жылғы 4 сәуірде «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 31 наурыздағы № 92 бұйрығы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.
Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген мамандар біліктілігінің Қазақстан Республикасының кәсіптік стандарттарының талаптарына сәйкестігін міндетті растау қажеттілігін алып тастау көзделген.
Бұл өзгеріс заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаумен қалыптасқан жағдайды реттеуге мүмкіндік береді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетінін атап өтеміз.
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде бұйрық электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланды.
Осыған байланысты, заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттауға өтініштерді қабылдауды қайта бастау бұйрық қолданысқа енгізілген сәттен бастап, яғни ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап қайта басталады.