«Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» АҚ филиалының «Көксу» карьерін жоспардан тыс тексеру нәтижелері

«Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» АҚ филиалының «Көксу» карьерін жоспардан тыс тексеру нәтижелері

2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы Созақ ауданы Құмкент ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындары «Көксу» карьерінде жүргізілген жарылыс жұмыстарының салдары өзенге, көлге, үйлер мен қабірлердің қабырғаларына, ауыл өмірінің көзі болып табылатын жер асты суларына зиян тигізеді деп қауіптенуде.

Ауыл тұрғындарының өтініші негізінде мемлекеттік инспектор 2022 жылғы 10-14 наурыз аралығында «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» АҚ филиалының «Көксу» карьерін жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Көксу» карьерін тексеру барысында Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік инспектор анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым беріп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 297-бабының бірінші бөлігі бойынша айыппұл салды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы түсіндірілді.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабына сәйкес адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері болған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексеру үшін негіз болып табылады.