
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы 2022 жылғы 25 ақпан мен 11 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Кен-Сары» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының аумағында орналасқан «Арыстановское» мұнай және газ кен орнын игеру және пайдалану болып табылады.
«Арыстановское» мұнай-газ кен орнын тексеру барысында 71 объект (мұнай ұңғымалары, су ұңғымалары, топтық қондырғылар, мұнай жинау пункті, мұнай дайындау қондырғысы, компрессорлық станциялар және басқалар) тексерілді, 41 бұзушылық анықталды. Мемлекеттік инспекторымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және жұмыскерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы, оның ішінде: «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.