
2022 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Д.О. Тлеубаевтың төрағалығымен «Трансэко» ЖШС, «Алма Строй» ЖШС, «Петрофон» ЖШС, «Caspian Beverage Holding» АҚ, «Астана Мунай» ЖШС, «АЗТМ» АҚ, «Нефтебаза Альмерек» ЖШС, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, Алматы филиалы «Sinooil» ЖШС, «Тамыз Ка» ЖШС, ППК «Байт» ЖШС, «ТЭК - Казахстан» ЖШС, «Шин-Лайн» ЖШС, «Алматы Халықаралық Әуежайы» АҚ, «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС, «Кастинг» ЖШС өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Кеңес барысында бизнесті қызықтыратын мәселелер талқыланып, «Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларының» және «Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларының» нормалары түсіндірілді.
Кеңес қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдеріне:
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының нормалары мен қағидаттарын сақтауға;
- қауіпті өндірістік объектіні сәйкестендіру нәтижелері бойынша ақпаратты Департаментке уақтылы ұсынуға ұсыныстар берілді.