
2022 жылғы 4 сәуірде Жас-Қанат ш/а «Рембус» ЖШС құрылыс объектісінде сағат 9:30 шамасында салынып жатқан 9 қабатты ғимараттың парапетіне КБ-308 рельсті жүрісті мұнара кранының құлауы орын алды. Зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мұнара кранының авариясын тексеру жөніндегі комиссияны құрады.
Анықтама: 2021 жылы Алматы қаласындағы сараптама ұйымы «Жетысу өнеркәсіптік қауіпсіздік» ЖШС кранның мүмкіндігін анықтауға, оны одан әрі пайдалануға сараптама жүргізген. Кранды пайдалану мерзімі 2023 жылдың наурызына дейін ұзартылған.