
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының АМІ бойынша офицері А. Е. Кенебаеваның және Нұр-сұлтан қаласы ПД ӘПБ аға инспекторы, полиция майоры А. А. Иманбаеваның қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Осындай семинарларды өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту, сондай-ақ Жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдын алу болып табылады.
Семинарға қатысушылар басшыларға қатысты қабылданған заңнамалық шаралар туралы (мемлекеттік саяси қызметшілердің қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін отставкаға шығуы), сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО орындарынан бірнеше бейнероликтерді көрді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Полиция департаментінің қызметкерлері семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын және Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.