
2022 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында «Газ және газбен жабдықтау саласындағы жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері» санаты бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстың ашылу салтанатында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мақажанов Нығмеджан Қойшыбайұлы құттықтау сөз сөйледі.
Дәріскерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ Академия оқытушылары болып табылады.
Білім беру бағдарламасына жергілікті атқарушы органдардың (облыстар мен қалалар әкімдіктерінің), Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметкерлері, барлығы 200-ге жуық адам қатысады.
Курстар ағымдағы жылдың 2 сәуіріне дейін жалғасады.