
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылғы 01-16 наурыз аралығында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған тексеру кестесіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС қауіпті өндірістік объектілері мен техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі мұнай өңдеу, мұнай өнімдерін сақтау және сату болып табылады.
Тексеру барысында 24 объект тексерілді (ЭЛОУ-АТ-1, 2 мұнайды атмосфералық айдау қондырғысы; мұнай және мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарлық парк, технологиялық құбырлар, сынақ зертханасы, қысыммен жұмыс істейтін ыдыс, қазандар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 10 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабының 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын басшылығымен және қызметкерлерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» түсіндірілді.