
2022 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ақ Берен» БҚФ авариялық-құтқару қызметімен бірлесіп «Гидромаш-Орион МЖБК» ЖШС қауіпті өндірістік объектісінде оқу-жаттығу сабағына қатысты.
Оқу дабылы бойынша әзірленген Жедел жоспарға сәйкес, 10 сағат 00 минутта кәсіпорынның бас инженері №1 цехта қабырғаның құлауы, нәтижесінде бір қызметкер темірбетон плитасының астында қалғаны туралы ақпарат алды. Оқу дабылы кезінде цехта 10 адам болған. 10 сағат 05 мин бас инженер басшылыққа және «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ақ Берен» БҚФ авариялық-құтқару қызметінің кезекшісіне хабарланды. Апаттарды жою жоспарына жұмылдырылған № 1 цех жұмысшылары жинау орнына эвакуациялауға кірісті. 10 сағат 10 минут жедел топ келген соң оқиға орны арнайы сигналдық лентамен қоршалды. Гидравликалық құралдың көмегімен зардап шегушіні 10 сағат 15 минутта үйілген плиталардан босатты, қауіпсіз орынға эвакуация жүргізді және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетті.
Оқу дабылының және аварияға қарсы жаттығулардың мақсаты объектінің авариялар мен инциденттерді жоюға дайындығын, персоналдың жою кезіндегі өз іс-қимылдарын білуін, өрт кезінде өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуін, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуін тексеру болып табылады.
Кәсіпорын құтқарушылары мен қызметкерлерінің барлық іс-әрекеттері аварияларды жою жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру бойынша Департамент қызметкерлері тарапынан оң пікірлер айтылды.